Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусымға жоспарланған Астанадағы халықаралық форумды өткізбеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 сәуірде Ақорда жариялаған ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

"Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған