Қасым-Жомарт Тоқаевпен арада болған келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей президенті атап өткендей, екі елдің валютасындағы сауда коммерциялық операцияларды сыртқы, оның ішінде саяси жайттардың теріс әсерінен қорғауға мүмкіндік береді.
"Біздің еліміз - Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Жинақталған ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі - 13 млрд доллар", - деді Владимир Путин.
Ол Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам іскерлік құрылым жұмыс істейтінін және Қазақстан экономикасының негізгі салаларында 60-тан астам ірі бірлескен жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
"Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарға сай дамып келеді. Каспий құбыр консорциумы қызметінің арқасында Ресей территориясы және ресейлік порттар инфрқұрылымы арқылы Қара теңізге сыртқы нарыққа экспортталатын қазақстандық мұнайдың негізгі көлемі өтеді. Өз кезегінде Ресей мұнайы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жөнелтіледі", – деді Владимир Путин.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және ресейлік бизнеске келтірілетін кедергілерді жоюдың маңыздылығына тоқталған болатын.