Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентіне жеделхат жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қазанда Кипр президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған