Қасым-Жомарт Тоқаевты Ташкенттегі Конгресс орталықта Шавкат Мирзиёев қарсы алды

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді", делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ташкенттегі VII Консультативтік кездесуі алдында бірге суретке түсті.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке ресми сапармен барған болатын. 15 қарашада Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді.

Тоқаев пен Мирзиеев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан
Өзбекстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды