Партиялар мықты депутаттарды көбірек тартатын болады – Мұрат Әбенов Құрылтай туралы пікір білдірді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 20 мамырда Үкімет дәлізінде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Құрылтай институтының қалыптасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Құрылтайдың рөлі алдағы уақытта күшейеді.

"Менің ойымша, Құрылтайдың рөлі күшейеді. Біріншіден, Парламент бір палаталы болады, сондықтан жауапкершілікті бір-біріне аудару мүмкіндігі болмайды. Әр партия өз ұстанымын ашық қорғай алатын мықты депутаттарды тартуға тырысады. Қазір Мәжілісте көбірек талқыланады, ал Сенатта бұл процесс жылдамырақ өтеді", – деді ол.

Сондай-ақ депутат заң шығару процесіндегі өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, заң жобалары Құрылтай аясында үш оқылымнан өтеді.

"Үш оқылым – қалыпты тәжірибе. Көптеген елдерде бар. Бізде бірінші оқылымда талқыланады, екінші оқылымда талқылаусыз өтеді, сондықтан түзетулер енгізу қиын. Үш оқылым – өте дұрыс тәжірибе. Қоғам заң жобасының барлық кезеңіне әсер ете алуы үшін әр оқылымда талқылау болуы керек деп есептеймін", – деді депутат.

Бұған дейін Парламент Құрылтай туралы конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдаған болатын.

Әбенов Мұрат
Қазақстан
Шымкент
Құрылтай
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы