Қазақстан мен Корея қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Корея Республикасының іскерлік орта өкілдері бас қосқан жиынның қатысушыларына ілтипат білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент соңғы 30 жылда Астана мен Сеул арасында өзара құрметке, сенімге және шынайы достыққа негізделген берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл серіктестіктің негізін белсенді саяси диалог пен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген ортақ ұстаным нығайта түсті.


"Бүгінде Корея Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді. Кореялық компаниялардың біздің елдегі нәтижелі қызметін жоғары бағалаймыз әрі бұл оң үрдісті нығайта береміз. Корей бизнесмендері инвестиция мәселесінде анағұрлым ширақ әрі батыл қимылдайтынын, жоғары адамгершілігімен, Қазақстанға деген сыйластығымен ерекшеленетінін үнемі айтып жүремін", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асқанына назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, екі елдің үкіметтері мен компаниялары күш-жігерін біріктірсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге болады.

"Корея Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Елімізде Samsung, Kia, Hyundai, Lotte, Doosan Enerbility, Shinhan Bank секілді корей капиталының үлесі бар мыңнан аса компания жұмыс істейді. Біз қарым-қатынасымызды мүлдем жаңа деңгейге көтеріп, достық әрі серіктестік байланыстарды барынша нығайтуға ниеттіміз. Бүгінгі сапар осыған дейінгі жетістіктерімізді түйіндеп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге орайлы мүмкіндік беріп отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді