Орталық Азия мен Корея жастарына арналған жаңа бағдарлама әзірленуі мүмкін

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" саммитіне қатысушы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай табысқа жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Орталық Азия елдері мен Корея арасында тарихтан тамыр тартатын бауырластық байланыстар қалыптасқанын атап өтті.

"Бұл ретте өңірдегі мемлекеттер халқымен біте қайнасып кеткен корё-сарам қауымы айрықша рөл атқарады. Корей диаспорасы Орталық Азия мен Корея арасындағы достыққа дәнекер болып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан елімізден пана тауып, өсіп-өнген корей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауына ерекше қамқорлық көрсеткенін айтты.

Президент келесі жылы корейлердің Орталық Азияға жер аударылғанына 90 жыл толатынын еске салып, осы тарихи оқиғаға арналған іс-шара өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы байланысты нығайтып, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жаңа бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді.

"Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Саммитте Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ