Мемлекет басшысы Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттарының жетекшілерімен кездесуінде Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай платформа Германия мен Еуропаның капиталын Қазақстан тарапынан қоса қаржыландыру, кепілдік беру және тәуекелдерді бөлісу тетіктерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.


"Мұндай платформа Еуропаның және Германияның капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және бірге тәуекел ету тетіктерімен ұштастырар еді. Ал "Бәйтерек" холдингі мақсатты жобаларды құрылымдау жағын қамтамасыз етеді. Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аса маңызды материалдар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Қазақстан Германияның Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен байланыс орнатуға мүдделі. Сондай-ақ UFK кепілдігінің шарттарына сай келетін әрі Германия өнеркәсібіне қажетті шикізат жеткізуге мүмкіндік беретін жобаларды ілгерілетуді маңызды санайды.

Мемлекет басшысы энергетика мен өнеркәсіпті жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері мен "жасыл" сутегі жобаларын дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен осы бағыттардың барлығында өзара тиімді ынтымақтастық орната алады.

Германия
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін