Тоқаев Германия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

"Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды.

"Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді Мемлекет басшысы.

Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азияға ұдайы назар аударатынын айтты.

"Мен үшін Қазақстан халқының орны ерекше. Елдеріміз бұдан да биік табыстарға жетеді деп ойлаймын. Қазақстанға сапарымды ықыласпен еске аламын. Екі елдің мызғымас достық байланыстары ұзақ жылдарға ұласатынына сенімдімін", – деді Германия президенті.

Бұған дейін Берлинде шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Бірлескен декларация қабылдаған болатын.

Германия
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін