Азамат Дәулетбеков екінші жыл қатарынан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол бір жыл бұрын Ұлан-Батырда (Моңғолия) бұл атақты қорғаған болса, 14 сәуірде Астанада оған тағы шақ келетін ешкім табылмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Дәулетбеков (86 келі) иран балуаны, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді сенімді түрде жеңді. Осылайша ол еркін күрестен Қазақстан құрамасы үшін төртінші алтын медальды жеңіп алды. Бұған дейін Қазақстанның әнұраны Дархан Есенғали, Санжар Досжанов және Болат Сақаевтың құрметіне шырқалған болатын.

Қазақстан балуандары Азия чемпионатының соңғы күнінде тағы екі алтын медаль еншілеуі мүмкін. Ақтық жекпе-жекте Астана боз кілемінде Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) өз бағын сынайды.

Бұған дейін Дархан Есенғали еркін күрестен Азия-2023 чемпионы атанған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді