Финляндия құрамасының экс-футболшысы: Қазақтар белсенді әрі агрессивті болып, есті шығарды

Финляндия құрамасының бұрынғы футболшысы Ари Хьельм осы аптада Хельсинкиде өткен Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ең жауапты матчта өз командасының сүрінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесудің екінші жартысында ұтылып жатқан Қазақстан құрамасы суырылып алға шықты. Яғни 0:1 есебін 1:2-ге өзгерте алды. Осылайша финдер Еуропа чемпионатына берілетін тікелей жолдамадан қағылды, енді Марк Канерваның шәкірттері Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңі арқылы турнирге шығуға тырысатын болады.

"Екінші таймда біз көптеген бетпе-бет шабуылда ұтылып қала бердік. дық. Қазақтар шынымен де белсенді әрі агрессивті болды. Олар допты сәтті іліп әкетіп, тез қарсы шабуылдар жасап отырды. Есі шыққан Финляндия құрамасының дәл осы кезеңде "қабырғасы сөгіле түсті". Екінші таймда орын алған сәтсіздік нағыз апат болды. Мұндайға жол бермеу керек қой, Қазақстанды өз алаңымызда қабылдап отырып, оның үстіне оларға жеңісті беріп қоямыз. Егер осындай дағдарыс орын алған екен, демек біз ойындарға түк дайын емеспіз. Міне, гәптің бәрі осында жатыр", — деп Хельмнің Aamulehti.fi-ге берген сұқбатынан Sports.kz үзінді келтіреді.

Айта кетсек, 17 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңіп, H тобында 15 ұпай жинады.


Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: