Чемпион Санжар Тәшкенбайдың қай бөлімде әскери борышын өтейтіні белгілі болды

Сурет: polisia.kz
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай еліміздің мәдени астанасында Отанға адал болуға салтанатты түрде ант етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

5571 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен қызмет етуге келген 700-ге жуық жас сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдауы өтті. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

"Армия – жас жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Боксшы ретінде бұл маған өте маңызды. Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын", – деді қатардағы жауынгер Санжар Тәшкенбай.

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбайдың әскер қатарына алынғаны туралы ақпарат кеше чемпионның әлеуметтік желісіндегі жазбадан белгілі болған еді. Ол желіде: "Отанды сүю иманнан" деп жазды.

Айта кетсек, 2023 жылы мамыр айында Ташкентте бокстан өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қомақты сыйақыға ие болған спортшы елордада такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген әкесіне су жаңа көлік сатып алып берген еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі