24 маусымда ОКҚ-да өткен брифинг барысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындық және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров "Астана Арена" еліміздегі ең үлкен стадион екенін баса атап өтті, сондықтан дәл осы аренада халықаралық жарыстың ашылу салтанатын өткізу туралы шешім қабылданды.
"Ұйымдастыру комитеті осы стадионды таңдады, өйткені V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының форматы, ауқымы, маңыздылығы жағынан болсын, оның ашылу салтанаты елдің басты спорт аренасында өтуге әбден лайық. "Астана Арена" стадионы жаңа нысандар санатына жатады, алайда нысанның белгілі бір ескірген жерлері бар, сондықтан оны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дейін ретке келтіру туралы шешім қабылданды. Ал жалпы аталған жарысқа арнайы жаңа нысандар салынбаған және салынып жатқан да жоқ", - деді Наиль Нұров.
Осыған байланысты ол 6 қыркүйекте "Астана Аренада" өтуі тиіс "Қазақстан – Норвегия" матчын асыға күтіп жүрген футбол жанкүйерлеріне құлақтандыру жасады.
"Сондықтан футболшылар, футбол әуесқойлары футбол жарыстарының халықаралық күнтізбесіне өзгеріс енгізіледі, бұл арада реніш болмауы керек. Иә, 6 қыркүйекте "Астана Аренада" жоспарланған кездесу болмайды. Сонымен қатар, тағы да қайталап айтамын, біздің ұлттық федерация, "Астана Арена" соңғы буынның жаңа жамылғысымен жаңартылған стадионға айналатын болады", - деді Наиль Нұров.
Сонымен қатар, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев матчтарды өткізу күні, әзірге әлі белгісіз екенін айтты.
"Біз іс жүзінде "В" нұсқасын қарастырдық және ол қазір іске асырылуда. Қазір біздің ұлттық құрамамыз қатысатын барлық ойындар, кем дегенде, күзгі кезеңде, Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. Ол үшін Алматы қаласы әкімдігі барлық қажетті жұмыстарды қолға алып, қаражаттарды қарастырып қойды", - деді Серік Жарасбаев.
Бұған дейін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуге байланысты оқушылар мен студенттер үшін оқу жылының басталу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін екендігі хабарланған.