Олимпиадалық спортшылар Сена өзенінде жүзгеннен кейін жаппай ауырып жатыр

Фото: pixabay
Кейбір олимпиадалық триатлоншылар Сенада жүзгеннен кейін ауырып, өзендегі судың сапасына байланысты жарыстан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Global News хабарлауынша, Бельгия құрамасының жеке триатлонында өнер көрсеткен спортшыларының бірі ауырып, ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаған түскен. Осы жағдайға байланысты бельгия құрамасы 5 тамызда өткен аралас эстафетаға қатыспауға шешім қабылдады.

Швейцария олимпиадалық құрамасы да аталмыш диагнозбен ауырған екі спортшысына байланысты, аралас эстафетада сынға түсетін құрамды екі рет өзгертті.

Швеция мен Норвегиядан келген триатлоншылар да судағы бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ауырып қалған.

Бүгінгі, 7 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына жерден көре аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы