"Нокаутқа түсіп қалды". Бокстан Азия чемпионатында тағы екі жерлесеміз "қоланы" місе тұтты

Сурет: pixabay
Таиландтың Чианг Май қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында нокаутқа түсіп қалған жерлесіміз Диана Мағауяева, сол секілді өзбекстандық қарсыласымен жойқын жекпе-жек көрсете білген Милана Сафронова қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Милан Сафронова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты. Жекпе-жек өте шиеленісті өтті. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіс Хамидоваға бұйырды Осылайша, ол финалға жолдама алды, ал Сафронова 2024 жылғы АЧ-ның қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ тағы бір жерлесіміз Диана Мағауяева жартылай финалда 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық Лина Вангпен шайқасты. Үшінші раундта қытай боксшысының техникалық нокауты бұл жекпе-жектің тағдырын шешті. Осылайша, Лина Ванг құрлықтық біріншіліктің финалына шығып, "алтын" үшін таласатын болды, ал Диана Мағауяева қола медаль еншіледі. 

Айта кетсек, бокстан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева, Әйгерім Сәттібаева, Ұлжан Сәрсенбаева қола жүлдегер атанған. Ал Виктория Графеева мен Аида Әбікеева финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі