Елордадағы Grand Slam турнирі: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының балуандары Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас Астанадағы Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Марат Байқамұров 100 келіге дейінгі салмақта ливандық Карамноб Сагаиповпен кездесті. Нәтижесінде Байқамұров қосымша уақытта иппонмен жеңіске жетті.

Ал, Бақжан Байтастың қарсыласы ресейлік Адам Сангариев жарыстан өз еркімен бас тартты. Осылайша отандасымыз қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, бүгін 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Ерасыл Қажыбаев Хега Отамен өзара мықтыны анықтайтын болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі