Бокстан Әлем кубогының кезеңі: Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай да алтын жүлдеге таласатын болды

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды. Ақтық сында бірі француздың, тағы бірі жапон өкілімен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз Оралбай 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында түркиялық Мерт Айбугамен кездесуі керек еді. Алайда, Түркия өкілі Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартып, жерлесіміз бірден финалға шықты.

Осылайша, Нұрбек Оралбай финалда франциялық боксшымен алтын медальді сарапқа салады.

Сондай-ақ қыздар арасында отандасымыз Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Жапония өкілі Хикану Шинохарамен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін танымал отандық боксшы кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі