Қазақстанда жүзуден алғаш рет Әлем кубогының кезеңі өтеді

Сурет: olympic.kz
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші кезең Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады.

Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.

Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады.

Әлем кубогының барлық кезеңінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы