Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 32 жыл бұрынғы жетістікті қайталады

Сурет: Facebook /WTA
Беларусьтен шыққан әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 32 жыл бұрынғы жетістікті қайталап, британдық теннисшілермен өткізген 10 матчтың барлығында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегіне сүйенсек, ол бұл жетістікке АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан "мыңдық" сериялы турнирдің үшінші айналымында британдық теннисші Эмма Радукануды (рейтингіде 39-орында) 7:6, 4:6, 7:6 есебімен жеңгеннен кейін жетті.

Осылайша, ол 1985 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықта дәл осындай нәтижеге қол жеткізген америкалық теннисші, 1992 жылғы Олимпиада чемпионы және "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалисі Мэри-Джо Фернандестің жетістігін қайталады.

Енді Соболенко Цинциннатидегі "мыңдық" турнирдің төртінші айналымында испандық теннисші Джессика Бузас Манейромен кездеседі.

Бұған дейін Тимофей Скатовтың "Челленджер" турнирінің финалында бақ сынағандығын жазған болатынбыз. 

АҚШ
Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі