Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді

Сурет: unsplash
2025 жылдың 25–29 қазаны аралығында Астанада үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен өткізіледі. Демеушілер Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары.

Турнирдің жалпы сыйақы қоры – 115 000 АҚШ долларын құрайды.

Президент кубогі – қазақстандық үстел теннисі тарихындағы жаңа белес, ел спортының халықаралық деңгейге көтерілуіне жол ашатын маңызды қадамдардың бірі. Бұл турнир еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген үздік теннисшілерді бір алаңда тоғыстыратын спорт мерекесіне айналмақ.

Жарысқа 250-ден астам спортшы, 50-ге жуық бапкер және 30 төреші қатысады. Қатысушылар қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өңірлерінен, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Мысыр, Малайзия, Иран және Сауд Арабиясы сияқты елдерден келген теннисшілер бар.

Жарыс санаттары

Турнир жеке және командалық жарыс түрлерінде төрт санат бойынша өтеді:

Турнирдің ең көптен күткен және ерекше сәті – әлемдік үстел теннисінің аңыз тұлғалары қатысатын шоу-матч. Астанада бір сахнада өнер көрсететін жұлдыздар:

Xu Xin (Қытай) – үстел теннисінен әлемнің экс-бірінші ракеткасы; Fang Bo (Қытай) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері; Werner Schlager (Австрия) – әлем чемпионы (2003); Joo Sae-hyuk (Корея) – әлем және Олимпиада жүлдегері.

Ел намысын қорғайтын жетекші спортшылар қатарында:

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева және Әнел Бақыт бар. Олардың қатысуы турнирдің деңгейін арттырып, жас буынға үлкен шабыт сыйлайды.

Жарыс кестесі

Президент кубогі – спорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл турнир тек жарыс алаңы ғана емес, жас таланттар мен әлемдік шеберлердің тоғысатын ортасы болмақ.

Барлық қала тұрғындары мен қонақтары үшін турнирге кіру тегін!

Бұл – кәсіби спортшылар ойынын тамашалап, қазақстандық теннисшілерді қолдауға тамаша мүмкіндік.

Толық ақпаратпен сайттан таныса аласыздар

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты