Ислам ынтымақтастығы ойындары: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда отандасымыз өзбекстандық Марат Мавлоновпен өзара мықтыны анықтады. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бауыржан Хасенов Ислам ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Айта кетсек, 2025 жылғы 17 қарашада конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин де Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады