"Қайрат" – "Олимпиакос" матчына келген испандық журналист Астананың сақылдаған сары аязында қалып қойды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
DAZN спорттық басылымының тілшісі Рафаэль Эскриг Астанада өткен матчқа ұшып келіп, қаладағы ақтүтек боран мен көктайғаққа тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілші өзінің таңданысын бейнеге түсіріп, желіге жүктеді. Оның айтуынша, видео "Астана Арена" стадионы маңында минус 30 градус температурада түсірілген.

"Қайрат" пен "Олимпиакос" кездесуін ол турнир тарихындағы Чемпиондар Лигасының ең суық матчы ретінде атады.

"Қытаймен шекаралас, Еуропа орталығынан едәуір алыс жерде алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасының ойынын өткізеді. Олар матчты осы қалаға ауыстыруға мәжбүр болды, себебі өз қалаларындағы ауа-райының қолайсыздығы ойынды тек осы жерде – жабық шатырдың астында өткізуге мүмкіндік береді",- деп айтты тілші.

Ол сары аязда бес минуттан артық жүру мүмкін еместігін де жасырмады.

"Менің кірпіктерім қатып, тыныс алуым қиындай түсті. Көшеде менің әріптестерімнен басқа ешкім жоқ. Бүгінгі ойын тамаша өтуі тиіс!",- деді ол.

Бұған дейін алматылық "Қайраттың" өз алаңында "Олимпиакосқа" есе жібергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды