Заңғар Нұрланұлы үздіктердің тізіміне енді

Сурет: ktf.kz
17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026-да сәтті өнер көрсетіп, ITF Juniors әлемдік рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТФ баспасөз қызметі хабарлағандай, түркістандық әлемдік жасөспірімдер рейтингінің үздік ондығына енген. Белгілі болғандай, спортшы 12-ші орыннан тоғызыншы орынға сәтті көтерілген.

Айта кетейік, Заңғар ел тарихында Австралияның жасөспірімдер ашық чемпионатының жартылай финалына жекелей сында шыққан алғашқы қазақстандық теннисші болды.

Бұл ретте, ол 2025 жылғы күзде US Open Juniors жартылай финалына шыққан болатын.

Бүгінде WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінде Australian Open-2026 чемпионы Елена Рыбакина үшінші орында, Александр Бублик 10-шы орында, Заңғар Нұрланұлы тоғызыншы орында.

Бұған дейін Дастан Сәтпаевпен бірге "Қайрат" командасы жаңа маусымға дайындыққа кірісіп кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Бублик Александр
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі