Бибісара Асаубаева шахматтың жаңа түрі бойынша өткен ойында экс-әлем чемпионын ойсырата жеңді

Сурет: Instagram/bibisarachess
Германияда фристайл-шахматтан (Фишер шахматы) әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фишер шахматында тастар классикалық шахматтағыдай қозғалады (тек рокировка жасау ережесінде аздаған ерекшелік бар).

Негізгі айырмашылық – тастардың бастапқы орналасуында. Пешкалар әдеттегідей екінші қатарға қойылады, ал қалған тастар бірінші қатарда кездейсоқ тәртіппен орналасады.

Алайда екі талап сақталуы тиіс:

Осы шарттарды ескергенде, барлығы 960 түрлі бастапқы позиция мүмкін. Сондықтан бұл ойын "шахмат-960" деп те аталады.

sportarena.kz мәліметінше, негізгі турнир ерлер арасында өтті, ал әйелдер арасында көрме матчы ұйымдастырылды.

Бұл матчта қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкпен кездесті. Төрт партиядан тұрған матч 2,5:1,5 есебімен Асаубаеваның жеңісімен аяқталды.э

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Асаубаева Бибісара

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі болды

9 маусым – Халықаралық архивтер күні

Еңбек демалысы қанша күнге созылады - министрлік мәлімдемесі

Қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айыратын түзету енеді

Сейсенбіде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды