Илья Малинин Шайдоровпен бірге Қазақстанға келгісі келеді

Сурет: Instagram/isufigureskating
19 жастағы америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин Қазақстанға келуді қалайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының басты фавориттерінің бірі саналған спортшы бұл жолы күтпеген жерден сегізінші орын алды. Нәтижесі жарияланған сәттен кейін ол бірден қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровқа барып, жарыстың ресми қорытындысы шықпай тұрып-ақ жеңісімен құттықтаған.

Сурет: Сали Сабиров

Сонымен қатар Малинин 2026 жылғы қысқы Олимпиада тарихына енді. Ол 1976 жылдан бері мәнерлеп сырғанауда тыйым салынған ең әсерлі әрі танымал элемент – мұз үстіндегі сальтоны орындады.

Сурет: Instagram/georgemasonu

Ильяның анасы – Татьяна Малинина. Ол КСРО ыдырағаннан кейін Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, ел тарихындағы ең табысты сырғанаушы атанған.

Ильяның өзі Ресейде ешқашан болмаған. Алайда ол Қазақстанға келуге ниетті екенін Миланда Jibek Joly телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Мен Қазақстанға барғым келеді, бұл ел туралы көп жақсы сөз естідім. Шайдоровпен немесе басқа да қазақстандық спортшылармен бірге бару қызық болар еді. Меніңше, бұл керемет сапар болады", – деді Илья Малинин.

Бұған дейін Софья Самоделкина 24 ақпанда өзінің Telegram-арнасында Қазақстанға арнап кең көлемді жазба жариялаған болатын.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды