Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына өте алмады

Сурет: j48tennis
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 76-ракеткасы) АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан "Мастерс" санатындағы жарыстың үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева жекелей сындағы екінші айналымда даниялық Клара Таусонға (әлемнің 17-ракеткасы) 6:7 (9:11), 2:6 есебімен есе жіберді.

Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бір қос қателік жіберіп, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін ғана сәтті пайдаланды.

Келесі айналымда Таусон аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты