Португалия мен Испания кездесуі: Роналду неліктен көз жасына ерік берді

Сурет: Instagram/cristiano
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Matchtv мәліметінше, кездесу АҚШ-тың Даллас қаласында өтіп, Испания құрамасының 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Криштиану Роналду матчты толық өткізіп, ойын бойы алаңда болды.

2026 жылғы әлем чемпионатында Роналду үш гол соқты. Оның екеуін топтық кезеңде, біреуін плей-офф кезеңінде енгізді.

Сондай-ақ, португалиялық шабуылшы әлем чемпионаттарының тарихында алты бірдей мундиальда өнер көрсеткен алғашқы футболшы атанды. Оның әлем чемпионаттарындағы ең жоғары жетістігі – 2006 жылы Португалия құрамасымен төртінші орынға ие болуы.

Ал Испания құрамасы әлем чемпионаттары тарихында қатарынан алты матч бойы бірде-бір гол жібермеген алғашқы команда атанды. Бұл туралы MisterChip өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Кездесудегі жалғыз голды 90+1-минутта Микель Мерино соқты.

Енді Испания құрамасы ширек финалда АҚШ пен Бельгия құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.

Қызықты
Роналдо Криштиану

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы