Қылмыстық топ атақты футболшы Килиан Мбаппені ұрлауды жоспарлаған

Сурет: Instagram/ReaLmadrid
Франция полициясы "Реал" мен Франция құрамасының футболшысы Килиан Мбаппені ұрлау жоспарының алдын алды. Қылмыстық топ Мбаппені ұрламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Parisien басылымының мәліметінше, біраз уақыт бұрын француз полициясы сағат шеберіне шабуыл жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстаған. Осы қылмысты тергеу барысында басқа да дайындалып жатқан қылмыстардың кейбір деректері анықталған.

Ұсталған жас жігіт атақты адамдарды ұрлауды жоспарлаған қылмыстық топтың мүшесі болып шыққан. Ықтимал құрбандардың арасында "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе де болған.

Клеман есімді күдікті қамауға алынып, жеке камераға орналастырылған. Ал оның болжамды сыбайласы сот бақылауымен босатылған.

"Бұл жас жігіт бұған дейін ауыр қылмысы үшін түрмеде отырған, ал қазір танымал рэпер мен футболшыға қатысты жаңа іске қатысы бар. Оның қылмыстық әрі ретсіз өмір салтын ескерсек, не болып жатқанын түсінуіне тек жеке камерада ұстау ғана ықпал етуі мүмкін", – делінген Версаль прокуратурасының мәлімдемесінде.

Футболшының өзіне келсек, "Реалдың" көшбасшысы қазір Испания чемпионатында ойнап жүр. Жаңа маусымдағы үш матчта ол төрт гол соққан.

Шабуылшының трансферлік нарықтағы құны 200 млн еуроға бағаланады.

Килиан Мбаппе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты