US Open финалы: Рыбакинаға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Сурет: Instagram/wta
2026 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты. Америкалық Кори Гауффты жеңген қазақстандық спортшы қомақты ақшалай сыйақы мен рейтингтік ұпайға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, беделді турнирдің финалына шығу арқылы әлемнің бірінші ракеткасы 2 млн 800 мың доллар көлеміндегі сыйақыға кепілдік алды. Бұл 11 қыркүйектегі бағам бойынша 1 млрд 262 млн 184 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ оның еншісіне 1300 рейтингтік ұпай жазылды.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде америкалық Теа Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны, жапониялық Наоми Осаканы және қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жарыс жолынан шығарды.

АҚШ ашық чемпионатының финалында Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі. Турнир жеңімпазы 5 млн 500 мың доллар, яғни 2,4 млрд теңгеден астам сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Алдағы матчтың нәтижесіне қарамастан, 2026 жылғы 14 қыркүйек, дүйсенбіден бастап қазақстандық теннисші WTA әлемдік рейтингінде көш бастайды.

Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенко арасындағы финалдық матч 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады деп жоспарланған.

2026 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы атанатыны белгілі болды. Бұл – Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет тіркеліп отырған жетістік. Осыған орай Елена Рыбакинаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Кейінірек теннисші жаңа мәртебесіне қатысты пікір білдірді. Дегенмен Рыбакинаның WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы үшін бірқатар шарт орындалуы қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды