Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Сурет: j48tennis
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Олимпиада чемпионы Евгений Кафельников YouTube-тегі First&Red арнасындағы "Хардкорт" бағдарламасында теннистен алдыңғы қатардағы екі спортшының мінез ерекшеліктерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz басылымының мәліметінше, ол Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның сабырлылығына тоқталып, оның эмоцияға берілгіш Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға басты айырмашылығын атап өтті. Кафельниковтың пікірінше, Рыбакина өзінің мінез-құлық мәнерін өзгертудің және Соболенконың эмоцияға толы стиліне еліктеудің қажеті жоқ.

"Бұл – оның даралығы, оны ерекше ететін де осы. Меніңше, оның қазір жасап жүргені дұрыс: ол өз жұмысын өте сабырлы түрде атқарып, негізгі бағытын өзгертуі мүмкін кез келген артық нәрсеге алаңдамайды. Оның табиғаты сондай шығар, оған түрлі даңғаза мен сән-салтанат қажет емес. Егер ол осылай жалғастыра берсе, бұдан кейін де бірнеше Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетеді", – деді Кафельников.

Кафельниковтың пікірінше, екі теннисшінің арасындағы айырмашылық жалпы теннистің дамуына да оң әсер етеді.

"Бұл жақсы ма, жаман ба – білмеймін. Теннис үшін, бәлкім, бұл жақсы шығар. Өйткені Арина өзінің эмоциясымен көрермендерге ерекше әсер сыйлайды, бұл керемет. Ал Аринаның тура қарама-қайшысы – Елена Рыбакина. Меніңше, бұл да өте жақсы", – деді Кафельников.

2026 жылғы US Open турниріндегі жеңісінен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде көш бастады. Турнирдің финалында қазақстандық теннисші Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Ресей
Қазақстан
Беларусь
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі