Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі

Сурет: olympic.kz
Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасында финалдық сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама сапында ең үздік нәтижені Темірлан Абдраимов көрсетті. Ол 7-орынға жайғасты. Тихон Варехин 9-орынға тұрақтады. Лев Чувашов 13-орынға ие болса, Кирилл Стадник 18-сатыға табан тіреді.

Командалық сайыста Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды. Ал Оңтүстік Корея екінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған