Қазақстан Пара Азия ойындарында бір сағатта төрт алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Instagram/kazparalympics
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетті. Қысқа уақыт ішінде отандастарымыз төрт алтын медальмен қатар, өзге де жүлделерге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 21 қазанда жапон жанкүйерлері қазақстандық пара велоспорт өкілдеріне екі рет қошемет көрсетті.

Алдымен Наиль Ермұханбет пен Руслан Алиев B санатындағы жекелей уақытқа жарысудан 34:09.17 нәтижесімен бірінші орын алып, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Осы жарыста тағы бір күміс медаль Қазақстан қоржынына түсті. Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский қашықтықты 35:26.64 уақытта жүріп өтті.

Кейін ерлердің жетістігін Анастасия Калаус пен Полина Братчикова қайталады. Олар B санатындағы жекелей уақытқа жарысуда 32:21.54 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.

Осы уақытта Жапония татамиінде қазақстандық пара дзюдошылар Ақтолқын Сейілбекова (J1 тобы, 70 келіге дейін) мен Зарина Раифова (J2 тобы, 70 келіге дейін) үздік өнер көрсетті.

Екі спортшымыз да финалдық белдесулерінде жеңіске жетіп, 2026 жылғы Пара Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазіргі уақытта Айти-Нагоядағы қазақстандық пара спортшылардың қоржынында 31 медаль бар. Оның 9-ы – алтын, 10-ы – күміс, 12-сі – қола. Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте сегізінші орында тұр.

Үздік үштікке Қытай (167 медаль), Өзбекстан (71) және Жапония (70) құрамалары енген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралды

WhatsApp-та хабарлама жазып, әйелді қорқытқан ер адам сотталды