80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Наинамен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің бөлінген шешімімен үндістандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, биыл Валерия Аксенова Бразилияда өткен әлем кубогы кезеңінде алтын, ал Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленген.