Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:04 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 12 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,17 теңгеге көтеріліп, 522,91 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге өсіп, 72,13 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,77-523,08 теңгеге, еуро 545,51-552,61 теңгеге, рубль 4,98-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 12 желтоқсандағы аукционда мұнай бағасының өсуі жалғасуда.

Brent маркалы мұнай барреліне 73 доллар шамасында саудаланып, 0,24% өсті. АҚШ-тың WTI мұнайының фьючерстері барреліне 73,69 долларды құрады, бұл алдыңғы сессиядан 1,03%-ға жоғары.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,05 теңге, еуроны 534,82 теңге, рубльді 5,06 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: