22 қаңтардағы саудада доллар күрт төмендеді

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 15:52 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 22 қаңтарында сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,16 теңгеге арзандап, 520,91 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,56 теңгеге (-1,13) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 521,5-524,9 теңге, еуро 542,5-547,5 теңге, рубль 5,15-5,27 теңге аралығында сатылуда.

22 қаңтардағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,24%-ға арзандап, барреліне 79,10 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,38%-ға арзандап, барреліне 75,54 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 527,58 теңге, еуроны 546,15 теңге, рубльді 5,29 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: