13 мамырдағы сауда-саттықта теңге долларға қатысты нығайды

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,33 теңгеге төмендеп, 510,06 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,32 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,10 теңге (-0,34) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 511-514,1 теңге, еуро 566-572 теңге, рубль 6,23-6,35 теңге аралығында сатылуда.
13 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,22%-ға арзандап, барреліне 64,82 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,18%-ға арзандап, барреліне 61,84 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 513,74 теңге, еуроны 569,17 теңге, рубльді 6,33 теңге деп белгіледі.