10 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар арзандады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 15:48 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 10 қарашасы, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа алынған бағамы 523,58 теңге болып қалыптасты. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,27 теңгеге төмен.

Ресей рублінің бағамы 6,47 теңгеге дейін төмендеді (-0,02), ал қытай юанінің бағамы 73,70 теңге болды (-0,16).

Валюта айырбастау пункттерінде:

  • доллар 524,3–526 теңге,
  • еуро 605,9–610,2 теңге,
  • рубль 6,41–6,52 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар, әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп жатыр.

10 қарашадағы саудада:

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,71%-ға қымбаттап, барреліне 64,08 доллар,

АҚШ-тағы WTI мұнайы 0,80%-ға өсіп, барреліне 60,23 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам:

  • доллар – 526,02 теңге,
  • еуро – 607,55 теңге,
  • рубль – 6,5 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: