4 желтоқсанда доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 4 желтоқсан 2025 жылы сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа салмақты бағамы 499,65 теңге болып, тағы 3,98 теңгеге төмендеді.
Ресей рублі 6,48 теңгеге түсті (-0,02).
Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы бағамы 70,67 теңге болды (-0,97).
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы – 501,3-503,9 теңге, евро – 582,7-587,4 теңге, рубль – 6,43-6,55 теңге.
Әлемдік мұнай бағасы 4 желтоқсанда өсіп отыр.
Brent маркалы мұнай бағасы ақпан айына жеткізілуге 0,3%-ға өсіп, 62,83 доллар/баррельге жетті.
WTI маркалы мұнай қаңтар айына жеткізілуге 0,4%-ға қымбаттап, 59,18 доллар/баррель болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,89 теңге, евро – 587,54 теңге, рубль – 6,48 теңге деңгейінде бекітті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript