22 желтоқсандағы саудада доллар арзандады
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 515,02 теңгені құрап, 2,55 теңгеге төмендеді.
Ал ресейлік рубльдің бағамы керісінше өсіп, 6,50 теңгеге жетті (+0,11).
Қытай юанінің бағамы таңертеңгі саудада 73,35 теңгені құрады (-0,25).
Айырбастау пункттерінде долларды 515,7–517,7 теңге аралығында сатып алып, сатып жатыр, еуро – 601,8–606,3 теңге, рубль – 6,39–6,51 теңге шамасында.
22 желтоқсанда әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетті.
Атап айтқанда, Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 0,69 долларға қымбаттап, 61,16 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай 0,67 АҚШ долларына қымбаттап, бір баррелі 57,19 долларға жетті.
Ал таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 517,66 теңге, еуроны – 606,49 теңге, рубльді – 6,44 теңге деңгейінде белгіледі.