Доллар бағамы өсім көрсетті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 15:54 Фото: unsplash
2026 жылғы 18 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,49 теңгені құрап, 3,2 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 5,77 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 70,04 теңгені құрады (+0,4).

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 482,9–485,4 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда,
  • еуро – 549,9–561,8 теңге,
  • рубль – 5,76–5,92 теңге аралығында.

18 наурызда әлемдік мұнай бағасы төмендеуде.

Атап айтқанда, ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 0,57%-ға төмендеп, барреліне 102,83 долларды құрады.

Ал NYMEX биржасындағы WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,70%-ға арзандап, барреліне 93,91 доллар болды.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 479,02 теңге, еуроны – 551,11 теңге, рубльді – 5,82 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: