20 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша валюта бағамдары қалай өзгерді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 15:55 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында 2026 жылғы 20 наурыз сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,33 теңгені құрап, 0,38 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 5,68 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 70,03 теңгені құрады (+0,10).

Айырбастау пункттерінде доллар 480,6–483,1 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр, еуро – 549,9–561,4 теңге, рубль – 5,71–5,92 теңге аралығында.

Сонымен қатар, 20 наурызда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Мысалы, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 0,90%-ға төмендеп, баррелі 107,67 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстері 1,21%-ға арзандап, баррелі 94,39 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 482,32 теңге, еуроны – 553,37 теңге, рубльді – 5,63 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: