20 сәуірдегі валюта бағамдары қалай өзгерді

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 16:06 Фото: pexels
2026 жылғы 20 сәуірде сағат 15:30 жағдайы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 469,49 теңгені құрап, 0,14 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі 6,22 теңгеге дейін көтеріліп, 0,7 теңгеге өсті.

Қытай юанінің бағамы 68,97 теңге болып, 0,01 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 467,4–470,1 теңге аралығында сатылып-сатып алынды. Еуро 549,7–554,9 теңге, ал рубль 6,07–6,19 теңге аралығында саудаланды.

Әлемдік мұнай нарығында да өсім байқалды.

Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері ICE Futures биржасында 5,91%-ға қымбаттап, бір баррелі 95,72 доллар болды.

NYMEX биржасында WTI мұнайының маусым фьючерстері 6,74%-ға өсіп, 88,16 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллар бағамын 469,52 теңге, еуроны 553,75 теңге, рубльді 6,15 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: