Ұлттық банк жаңа банкноттардың көлемі неге өзгергенін түсіндірді
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында ұлттық валютаның жаңа дизайны не себепті қайта қаралғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, банкноттардың өлшемін өзгерту ең алдымен оларды пайдалануды ыңғайлы ету мақсатында қолға алынған.
"Банкноттар әмиянға немесе портмонеға ыңғайлы сыюы үшін осындай шешім қабылданды. Қазіргі таңда бұл – халықаралық тәжірибеге сай келетін стандарт. Қолдануға өте ыңғайлы. Бұдан да кішіреймейді, – деді Тимур Сүлейменов.
Оның сөзінше, банкноттардың көлемін кішірейту өндіріс процесін де оңтайландыруға мүмкіндік берген.
" Бұрын бір қағаз парағынан шартты түрде бес банкнот шығарылатын. Енді банкноттардың көлемі кішірейгендіктен, сол парақтың шамамен 90 пайызы толық пайдаланылады. Соның нәтижесінде өндіріс шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туды. Бірақ нақты қанша қаржы үнемделгені – жабық ақпарат, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript