13 шілдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 15:48 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 13 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-дағы күндізгі шетел валюталары саудасы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 477,11 теңгені құрап, бірден 8,94 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,18 теңгеге дейін көтерілді (+0,12 теңге).

Қытай юанінің бағамы 70,41 теңгені құрады (+1,94 теңге).

Ал айырбастау пункттерінде:

  • доллар 471,8–474,6 теңгеден сатып алынып, 474,6 теңгеден сатылды;
  • еуро 540,8–546,3 теңге аралығында саудаланды;
  • рубльдің бағамы 5,81–5,96 теңге болды.

Сонымен қатар, 13 шілдегі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 4,08%-ға қымбаттап, барреліне 79,11 АҚШ долларына жетті.

Ал WTI маркалы мұнай бағасы 4,11%-ға өсіп, барреліне 74,36 АҚШ долларын құрады.

Еске салсақ, бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 464,71 теңге, еуроны – 531,26 теңге, рубльді 6,05 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: