Доллар бағамы төмендеп, мұнай бағасы қымбаттады
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 467,65 теңгені құрап, 1,57 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 5,94 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 68,98 теңгені құрады (-0,45).
Айырбастау пункттерінде:
- доллар 468-470 теңгеден сатып алынып/сатылуда;
- еуро – 533,5-539 теңге;
- рубль – 5,65-5,79 теңге.
Ал әлемдік нарықта 22 шілдедегі сауда барысында мұнай бағасы өсті.
Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері алдыңғы жабылу бағасымен салыстырғанда 4,53%-ға қымбаттап, барреліне 95,13 долларға жетті. Бұл көрсеткіш алғаш рет 11 маусымнан бері 95 доллардан асты.
WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері де 4,58%-ға өсіп, барреліне 88,2 долларды құрады.
Еске салайық, бүгін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 469,59 теңге, еуроны – 536,22 теңге, рубльді – 5,96 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
22 шілденің бірінші жартысында қазақстандық айырбастау пункттеріндегі шетел валютасының сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат бұған дейін жарияланған болатын.