28 шілдедегі сауда-саттықта доллар қайта қымбаттады
Фото: pixabay
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,99 теңгеге көтеріліп, 476,75 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы да аздап өсіп, 6,09 теңгеге жетті (+0,01).
Қытай юанінің күндізгі сауда-саттықтағы бағамы 0,50 теңгеге көтеріліп, 70,15 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474-477 теңгеден, еуро 538,4-543,5 теңгеден, рубль 5,64-5,77 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
28 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,57%-ға төмендеп, барреліне 87,86 долларды құрады.
Батыс Техас мұнайының бағасы 0,45%-ға арзандап, барреліне 82,24 долларға түсті.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 473,4 теңге, еуроны 539,39 теңге, рубльді 6,07 теңге деңгейінде белгіледі.
28 шілде күннің бірінші жартысында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.