9 қыркүйектегі сауда қорытындысында доллар қымбаттады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,5 теңгеге өсіп, 456,89 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,07 теңгеге қымбаттап, 5,35 теңгеге жетті.
Күндізгі саудада Қытай юанінің бағамы 0,58 теңгеге көтеріліп, 68,30 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу және сату бағамы – 454,3-456,4 теңге, еуро – 529,2-533,7 теңге, рубль – 5,14-5,26 теңге аралығында қалыптасты.
9 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы 24 шілдеден бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты.
Сауда барысында фьючерстердің құны 100,19 долларға дейін көтерілді. Бұл – кейінгі алты аптадан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш.
Америкалық WTI маркалы мұнай 1,6%-ға қымбаттап, барреліне 94,52 доллар болды.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 454,46 теңге, еуроны 527,72 теңге, рубльді 5,25 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 9 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден білуге болады.