2 қазандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 16:00 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 2 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,46 теңгеге өсіп, 447,73 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,07 теңгеге көтеріліп, 5,39 теңгеге жетті.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 446,6–449 теңге, еуро – 501,7–506,4 теңге, рубль – 5,06–5,19 теңге аралығында.

2 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Атап айтқанда, желтоқсанда жеткізілетін Brent мұнайының фьючерстері 2,8%-ға арзандап, барреліне 99,41 долларға түсті. Бір күн бұрын оның бағасы 101 доллардан жоғары болған еді.

Қарашада жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 3,9%-ға төмендеп, барреліне 89,22 долларды құрады. Бір апта ішінде Brent 4,8%-ға, ал WTI 3,5%-ға арзандады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 441,91 теңге, еуроны 499,05 теңге, рубльді 5,3 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінің 2 қазанның бірінші жартысында шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: