6 қазандағы саудада доллар мен рубль арзандады

Доллар, доллары и тенге, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют, обмен валюты , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 15:51 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 6 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,71 теңгеге төмендеп, 453,65 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,12 теңгеге төмендеп, 5,26 теңге болды.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 451,6 теңге, сату бағамы – 453,9 теңге. Еуроны сатып алу – 507,1 теңге, сату – 511,8 теңге, ал рубльді сатып алу – 5,10 теңге, сату – 5,23 теңге.

6 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,45 долларға көтеріліп, барреліне 100,77 долларды құрады.

Нью-Йорктің NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,33 долларға қымбаттап, 89,76 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 454,98 теңге, еуроны 509,53 теңге, рубльді 5,37 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде 6 қазанның бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: