28 қыркүйектегі саудада доллар мен рубль арзандады

Доллар, доллары и тенге, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют, обмен валюты , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 15:42 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 441,77 теңге болды. Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге арзандап, 5,22 теңгені құрады. Қытай юані 0,10 теңгеге қымбаттап, 65,96 теңгеге жетті.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы тиісінше 439,5 және 441,6 теңге, еуроныкі – 500,4 және 505,2 теңге, рубльдікі – 4,97 және 5,08 теңге болды.

28 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай 3,16 долларға қымбаттап, барреліне 107,48 доллар болды. Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 1,96 долларға өсіп, барреліне 94,37 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 441,88 теңге, еуроны 503,61 теңге, рубльді 5,24 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 28 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: